Атыраулықтардан жергілікті органдарға 20428 өтініш түскен
Атырау облысы бойынша 2022 жылдың І жартыжылдығы бойынша
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және облыс басшылығының жеке қабылдау қорытындылары туралы мәліметті оқырман назарына ұсынамыз.
Атырау облысының жергілікті атқарушы органдарына «е-Өтініш» жүйесі арқылы жеке және заңды тұлғалардан ағымдағы жылдың І жартыжылдығында 20428 өтініш келіп түскен. Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 7,1%-ға артып отыр. (2021ж. І жартыжылдық – 18 973).
Бұл ретте, өтініштердің қаралу нәтижесімен барлығы 11 999 әкімшілік акт қабылданды, оның ішінде қолайлы әкімшілік акт – 9625 (49,9%), ауыртпалық салатын әкімшілік акт – 2374 (12,3%).
Өтініштерде көтерілген мәселелері: ауыл шаруашылығы және жер қатынастары – 6475, құрылыс, өнеркәсіп, тұрғын үй-коммуналдық мәселелер – 4366, қаржы, экономика, кәсіпкерлік мәселелері – 1309, адам құқықтары, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамту мәселелері – 1241, жұмыспен қамту, еңбек қатынастары, кадрлық қамтамасыз ету – 1096, құқық қорғау мәселелері – 1075, денсаулық сақтау – 830, әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша – 684, білім беру – 510, тергеу істері – 338, көші-қон мәселелері – 326, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша – 296, құжатайналым бойынша – 232, мәдениет, спорт, туризм – 197, мемлекеттік басқару – 165, басқалары – 1450.
Есепті кезеңде облыс бойынша барлық деңгейдегі әкімдермен 423 қабылдау ұйымдастырылып, 1563 азамат жеке қабылданды, оның ішінде 604 азаматқа заңға сәйкес түсінік беріліп, 959 азаматтардың мәселелері бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Облыс әкімдігі басшылығымен барлығы 305 азамат жеке қабылданды, оның ішінде 156 азаматқа облыс әкімінің жеке қабылдауы ұйымдастырылды. Қабылдау нәтижесімен 3 азаматтың мәселелері оң шешіліп, 33 азаматқа қабылдау кезінде заңға сәйкес түсінік беріліп, 121 азаматтардың мәселелері бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ, әртүрлі мәселелермен облыс әкімдігінің фронт-кеңсесі арқылы 881 азамат өтініш білдірді. Олардың: тұрғын үй – 238, денсаулық – 96, әлеуметтік көмек – 40, білім – 33, жұмыспен қамту — 66, жерді пайдалану — 54, жол салу – 15, кәсіпкерлік – 38, құрылыс – 9, мәдениет – 10, ауыл шаруашылығы – 14, қаржы — 6, тағы да басқа мәселелер бойынша – 247. Барлығына заң шеңберінде түсініктер берілді.
Фронт-кеңсеге келген азаматтардың өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыру мақсатында қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жасақталған меморандум аясында заңгерлік консультациялар мен психологиялық, медиаторлық көмектер көрсетілуде.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы әрі уақытылы қарау жергілікті атқарушы органдардағы басым бағыттардың бірі болып табылады.
Atr.kz