Атыраулық жұлдызды жұп жақында балалы болмақ
Қара нәсілді жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызы Заида жүкті екенін жария етті. Ол іші өсіп қалған суретін әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады. Мұны көрген көпшілік құттықтап жатыр. Бірақ бұл жағдай кейбір оқырмандарға ұнай қоймаған.
Айта кетейік, былтыр әлеуметтік желіде видео-фотолары тараған, қара нәсілді жігітке тұрмысқа шыққан қазақстандық қалыңдық қызу талқыға түскен болатын. Ұзату тойы кезіндегі суреттер Instagram-дағы топтарға тарап кеткен болатын.
Қара нәсілді жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының есімі – Заида. Атырау облысындағы Жылыой ауданы Құлсары қаласының тумасы. «Теңізшевройл» компаниясында қызмет етеді, үш тілді еркін меңгерген аудармашы. Ал күйеуі Джесси есімді ағылшын тілі мұғалімі. Нигерия азаматы.
Олардың үйлену той былтыр қазан айында өткен болатын.