Жарнама
Қоғам

Атыраулық оқушылар жаңа цифрлық дағдыларды меңгерді

Атырау қаласында 8-13 жас аралығындағы балаларға арналған «Цифрлық мамандықтар қаласы» атты танымдық квест-ойын ұйымдастырылды. Бұл іс-шара балаларға Халыққа қызмет көрсету орталығын, цифрлық мамандықтар мен интернеттегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыруды мақсат етті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ойынға барлығы 15 бала қатысты. Қатысушылар 5 адамнан тұратын 3 командаға бөлініп, бірнеше станциядан өтетін маршруттық квестке қатысып, 60-75 минут бойы қызықты әрі пайдалы тапсырмаларды орындады.

  • №1 Халыққа қызмет көрсету орталығының базасында өтіп жатқан  іс-шараның басты мақсаты — балалардың цифрлық сауаттылығын арттыру, топпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту және мемлекеттік қызметтерге деген қызығушылығын ояту, — деді “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ АОФ PR менеджері Әділет Сәбитов.

Квест қатысушылары да алған әсерлерімен бөлісті. Олар бірнеше этаптан тұратын тапсырмаларды орындап, өздерін жаңа қырларынан аша білді.

  • Маған квест өте қатты ұнады. Біз әртүрлі тапсырмаларды орындап, жаңа нәрселерді үйрендік. Ең қызығы — Халыққа қызмет көрсету орталығы туралы және интернет қауіпсіздігі туралы көп мағлұмат алдық, — деді квест-ойының қатысушысы Жанел Әуелбай. 

Ойын соңында барлық қатысушы естелік фотосуретке түсіп, сыйлықтар мен марапаттарға ие болды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button