Баннер 9 мая от газеты Атырау

Атыраулық көпбалалы отбасыларға баспана берілді (+ФОТО)

img 20220817 wa0003 Қоғам

Атырауға арнайы келген «Asarume» қайырымдылық қоры екі отбасыға тегін үйдің сертификатын табыстады, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

Салтанатты табыстау рәсімі Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында өтті. Іс-шара барысында бірнеше жылдан бері жалдалмалы пәтерде тұрып келген, баспаналы болуды армандаған, көпбалалы екі отбасы  жаңа қоныс иеcі атанды. Сондай-ақ, үш тұрғынға 500 мың теңге және өзге де жағдайы төмен отбасыларға тұрмыстық техникалар жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен сыйға берілді.

Өңірімізде жұмыс сапарымен жүрген Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зульфия Сүлейменова іс-шараға арнайы қатысып, аталған қайырымдылық ісінің маңызына тоқталды.

– Дана халқымызда «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген нақыл бар. Сондай-ақ, бізде «асар» деген ұғым бар. Яғни, бұл – адамдарға жәрдемдесу, қолқабыс беру ғана емес, мұқтаж адамдарға көмек қолын созу, адамгершілік таныту, қайырымдылық көрсету болып табылады. Міне, қазір сол адамгершілік пен қайырымдылықтың куәсі болып отырмыз, – деді З.Сүлейменова.

Айта кетейік, «Asarume» қайырымдылық қоры Республика бойынша бүгінгі күнге дейін 460-тан астам отбасыға баспана сыйлаған. Ал, Атырау облысында 11 отбасы жаңа қонысын тойлап үлгерді. Қазіргі таңда «Asarume» қайырымдылық қорында 500-ге жуық ерікті бар. «Асар жолы» марафоны 16 шілдеде еліміздің бас қаласынан бастау алған болатын.

img 20220817 wa0007 3
img 20220817 wa0010 2
img 20220817 wa0005 3
img 20220817 wa0004 3
img 20220817 wa0008
img 20220817 wa0009 3
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз