Атыраулық кәсіпкерлер осынау сын шақта жұртшылықты жұдырықтай жұмылуға шақырды
Atr.kz/22 наурыз, 2020 жыл. Атыраулық кәсіпкерлер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасына қолдау білдіруде.
Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті сын сағатта ел-жұртқа көмектескісі келетін және жәрдем бере алатын адамдардың қаражаты жинақталатын республикалық қор құруды ұсынған болатын.
» Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған үндеуінде халықты бірігуге шақырды. Кәсіпкер ретінде мен Елбасының бұл үндеуін қолдаймын. Әрқайсымыз коронавируспен күресуге өз үлесімізді қосуымыз керек. Тек осылай ғана біз өз денсаулығымызды және ұлт денсаулығын сақтаймыз» дейді кәсіпкер Оразбаева Айсұлу.
Кәсіпкер бұл бастама халықты одан әрі біріктіретініне және барлық қиындықтарды ауызбіршіліктің арқасында жеңіп шығарымызға сенім білдірді.
Амандық АБДОЛ