Атырауда жолаушылар автобусы суға түсіп кетті…

220505160212211e Қоғам

Атырау облысында жолаушылар автобусы жол жиегіндегі суға түсіп кетті.

Әйтеуір, жолаушылар аман-сау.

«Маңғыстау облысының Бейнеу ауылынан Атырауға келе жатқан жолаушылар автобусы республикалық маңызы бар «Атырау-Доссор-Құлсары-Бейнеу» жолының 109-шақырымында күре жолдан түсіп кетті. Автобустың рулінде 1984 жылы туған ер адам болған. Жүргізуші көліктің басқару жүйесін игере алмай қалған. Бұл автобустың жолдан шығып кетуіне себеп болды. Сөйтіп, автобус жол жиегіндегі суға түсіп кеткен» делінген полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Фото: inform.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз