Жарнама
Қоғам

Атырауда «жайсыз» отбасы санатындағы 171 адам профилактикалық есепте тұр

Атырау облысында да тұрмысы төмен, әлеуметтік санаттың осы түріне жататын отбасылар көп. Ал, қылмыстың көбі осындай жанұяларда орын алып отыр.

Атырау облысы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Орынгүл Көшқалиеваның айтуынша, облыста «жайсыз» отбасы санатындағы 171 адам профилактикалық есепте тұр. Ал, мұндай есепте тұрғандардың отбасында 300-ден астам бала бар.

– Олардың құқығын қорғау және қылмысты болдырмау мақсатында үнемі бақылау жүргізіліп отырады. Мысалы, былтырғы жылдың басынан бастап, құқық бұзушылықтың алдын алу үшін «Жасөспірім», «Жанұя және бала», «Мен және менің полицейім», «Түнгі қаладағы балалар», «Каникул», «Жасөспірім және жауапкершілік» атты жедел алдын алу шаралары өтті. Тексеру мақсатымен ай сайын осы санат бойынша есепте тұрған адамдардың мекен-жайына барамыз. Балалардың уақтылы оқумен қамтылуын, өмірінің қауіпсіздігіне орай, көп қабатты үйлердің терезелерінен құлау, ашық тұрған ток көздерінен, кәріздерден сақ болу, қысқы кезеңде үйдегі жылыту құрылғыларының қауіпсіздігін, өрттен сақ болу, басқа да сақтық шараларына, сондай-ақ өгей әке, аналарымен, азаматтық некедегі азаматтармен бірге тұрып жатқан отбасыларға кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын қылмыстар, оның ішінде сексуалдық қылмыстарды болдырмау мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. 2022 жылдың «Балалар жылы» болып жариялануына орай, Ішкі істер министрлігінің арнайы жоспары бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды, — деді полиция подполковнигі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button