Атырауда төрт түлікке арнайы бау тағыла бастады
Шаруа қожалықтарындағы төрт түлікке түнде жарыққа шағылысатын бау тағыла бастады.
Соңғы кездері Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойына үй жануарларының шығып кету жайы жиілеп кетті. Кей жағдайда осының салдарынан жол көлік оқиғасының орын алып жататыны жасырын емес. Жуырда осындай келеңсіздіктің алдын алу мақсатында, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған игі-шаралар жүргізіле бастады. Жаңадан қолға алынған осындай әрекеттердің бірі- жол жиігіне жайылатын ірі-қара малдарының мойнына жарық шағылыстырғыш баулар байлау және жарықшағылыстырғыш қасиеті бар бояу шашу.
Осы орайда «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Атырау облысық филиалы кезекті Атырау облысындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында NCOС-компаниясының демеушілігімен ПД Әкімшілік Полиция басқармасы және ҚазАвтоЖол ҰҚ АҚ филиалы, Мақат ауданының әкімшілігі, Мақат ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі өкілдерінің қатысуымен Мақат ауданындағы (Монданақ, Тасқұдық,
Қырыққұдық ауылдары) мал шаруа қожалықтарындағы ірі қара малдарының
мойындарына жарық қайтарғыш (светоотражающие лента) баулар тағу
жарық қайтарғыш бояу-спрей шашу шаралары атқарылды.
Атқарылып жатқан іс-шаралар малдардың әсіресе тәуліктің қараңғы уақыттарында жол бойында жайылып жүруі кезінде, жол-көлік оқиғасын алдын алу шарасының бірден-бір ықпалы болып есептеледі. Бұл атқарылған жұмыс әрі қарай басқа Атырау облысы аймағындағы аудандарда жалғасын табатын болады.
«Атырау облыстық ПД»