Жарнама
Қоғам

Атырауда төрт адам қаза болып, бесеуі жарақат алды…

Атырауда 29 тамыз бен 4 қыркүйек күндері аралығында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында өткізілген “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды.арлайды Polisia.kz

Бұл туралы біз жергілікті ПД баспасөз өкілі Мейірім Ердәулеттен білдік. Өткізілген іс-шараның жеті күнінде патрульдік полиция қызметкерлерімен жолда жүру ережелерін бұзған 1800-ден астам көлік жүргізушісі анықталды. Олардың ішінде алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйде көлік құралын басқарған – 22 жүргізуші, жүргізуші құқығынан айырыла тұра көлік басқарған – 3 жүргізуші, жолдың қарсы бағытына шыққан – 9 жүргізуші, көлік құралының алдыңғы әйнектерін қараңғылатқан – 140 жүргізуші, жалған мемлекеттік белгі тағып көлік жүргізген 167 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Одан басқа, әкімшілік айыппұлдарын төлемей жүрген 30 автокөлік тоқтатылып, айыппұлдары өндірілген.

– Атырау қаласының Полиция басқармасы Жедел басқару орталығында “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” және “Сергек” ақпараттық жүйелері арқылы жеті күн ішінде 145 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сақтандыру полисінсіз көлік құралын басқарған 113 жүргізуші және жалған мемлекеттік белгі таққан 1 жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар жасақталды. “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде 7 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 4 адам қаза тапты. 5 адам әртүрлі дене жарақатын алды, — деді Атырау облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция басқармасы жол қозғалысын қадағалау және ұйымдастыру тобының аға инспекторы Сырым Досыбаев.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button