Қоғам
Атырауда тағы екі сәби терезеден құлады…
Атырауда үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткен бес жасар егіз қыз ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Бұл туралы облыстық ТЖД хабарлады. Терезедегі тор балалардың салмағын көтере алмаған.
Биыл облыста осындай екі оқиға тіркеліп, үш бала түрлі деңгейде жарақат алған. Мұндай жағдайға көбінесе бес жасқа дейінгі балалар тап болады екен.
Мамандар қауіпсіздік шараларын сақтап, мына ережелерді ескеруді сұрайды:
- Балалар терезеден құлап кетуі мүмкін, егер ол 12,5 см-ден астамға ашылса.
- Барлық терезелерде 12,5 см-ден астам ашуға мүмкіндік бермейтін тақтайлар немесе қоршаулар орнату қажет. Механизмдер жабық терезе режимінде ғана емес, «желдету» режимінде де жұмыс істейді.
- Терезенің қасында балалармен йнамаңыз. Көлікті, өтіп бара жатқан және т. б. көрсету үшін оларды терезе алдына қоймаңыз.
- Терезенің жанында оңай көтерілетін жиһаз қоймаңыз және москит торына сенбеңіз.
- Жалюздің жіптерімен шынжырлар ілінбеуі керек: олар балаға терезеге шығуға көмектеседі.
- балконды жабу керек.
- Балаларды аз уақытқа да қараусыз қалдырмаңыз.