Қоғам
Атырауда қонақ үй өртенді
22 қыркүйек күні сағат 14.58-де Атырау қаласындағы қонақ үйлердің бірінде түтін шығу бойынша шақыру келіп түсті.
Шақыру орнына жеткен кезде қонақ үй ғимаратының төбе жабындысының жанып жатқаны анықталды. Өрттің ауданы шамамен 800 шаршы метр, төбе жабындысының жануы салдарынан өрт жоғарғы қабатқа жайылды. Аталған өрттен зардап шеккендер жоқ. Адамдар қонақ үйден өз күштерімен шыққан. Өртті сөндіру жалғасуда.
Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД күштері мен құралдары, құрамында 40 қызметкер, 9 бірлік техника, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің 8 қызметкері, 3 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда.
«Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы»