Атырауда қар тазалау жұмыстары жалғасуда

kar Қоғам

Атырау қаласында қар тазалау жұмыстары жалғасуда. Осы уақытқа дейін 10 660 текше метр қар шығарылса, қазіргі уақытта 105 техника жұмысты жалғастыруда. Соның ішінде 22 тиеу техникасы, 65 жүк көлігі (самосвал) және 5 автогрейдер бар. Бұл туралы «Арнаулы автобаза» ЖШС-нің қала тазалығы бойынша басқарма басшысы Күланда Әжіғалиева мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сонымен қатар жолды қардан тазалауға 8 трактор мен 5 аралас жол машинасымен құм себу жұмысы атқарылып жатыр. Қазіргі уақытта 72 тонна реагент себілген. Жұмысқа 140 жол қызметкері жұмылдырылған.

Сондай-ақ «Қазидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының синоптиктері бүгін аймақта қар аралас жаңбыр жауытынын ескертеді.

-12 ақпан облыстың батысында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады. 13-15 ақпан аралығында облыстың батысында мен оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. 15-16 ақпанда облыстың батысы мен оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. 16 ақпан күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын болады. Ауа температурасы осы уақыттарда күндіз 3-8 градус жылылықтан облыстың солтүстүгінде түнде 15 градус аязға дейін барады деп күтілуде, – деді ауа райын болжау бөлімінің басшысы Айна Казгулова.

Сондай-ақ оның айтуынша, өңірде түнде 11 см болатын қар жауған.

Айта кетейік, Полиция департаментінің хабарлауынша, қазіргі сәтте аудандар бойынша Доссор-Құлсары тас жолына көлік құралдарының барлық түріне шектеу енгізілген.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз