Жарнама
Қоғам

Атырауда «Отбасының цифрлық картасы» іске қосылды

Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне бірқатар өзгерістер енетінін айтты. Енді әрбір отбасының құрамы мен әл-ауқат деңгейіне қарай мемлекеттік кепілдік түрлерін алу құқығы бірыңғай жүйемен анықталады.

— Бүгіннен бастап «Отбасының цифрлық картасы» пилоттық жобасы іске қосылып, 10 атыраулыққа алғашқы СМС-хабарлама жіберілді. Осы жоба ары қарай жүзеге асып кетсе, азаматтар көмек алу үшін құжат тапсырып жүрмейді. Өйткені «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіне азаматтың әлеуметтік санаты енгізіледі. Содан соң автоматты жүйеден кімге қандай әлеуметтік төлем немесе жәрдемақы тиесілі екенін хабарлайтын СМС жолданады. Қазір азаматтарды әлеуметтік санатына қарай осы жүйеге енгізу және ақпараттардың дұрыс-бұрыстығын тексеру жұмыстары жүріп жатыр, деді А.Мәмбетов.

Бұдан бөлек Жолдауда келер жылы жастарды еңбекпен қамтитын түрлі іс-шаралар қолға алынатындығы айтылды. Сондай-ақ жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button