Жарнама
Қоғам

Атырауда екі бала терезеден құлап көз жұмды

Қазіргі заманғы терезе балалардың жазатайым оқиғаларының себебі болып отыр.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері көп қабатты үйлердің тұрғындары арасында оқыс оқиғалардың және балалардың терезеден құлауының алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында көп қабатты үйлердің кейбір пәтерлерінде терезелер қорғалмағаны атап өтілді.

Өңірде былтыр бес бала терезеден құлап, үшеуі жарақат алса, екеуі қайтыс болды.

Ал, 2020 жылы екі бала жарақат алды.

Жазатайым оқиғаны болдырмау үшін қандай шаралар қолдану керек. Басты себеп-балаларға тұтқалар оңай ашуға болатын қорғалмаған терезелер. Москит торы тәуекелді арттырады: бала оған сүйенуге болады деп ойлайды, алайда москит торы оның салмағын көтере алмайды.

Бұрын үйлерге ағаш терезелер қойылды, олар өте қиын ашылып, олар желкөздердің көмегімен желдетілді, оларға балалар жете алмады.  Ал қазіргітерезелеререкшекүш-жігерсізашылады.
Егер терезенің жанында тумбочка немесе орындықтар тұрса, онда бала ашуы мүмкін, оның өміріне қауіп одан да күшті болады. Ата-анасы қасында болса балаларда қауіп-қатер сезімі жоқ болады. Бірақта бір минутқа бұрылып басқа нәрсеге алаңдасаң, апат болуы мүмкін.

Оқиғалар хроникасына көбінесе 5 жасқа дейінгі балалар түседі (80% оқиға). Барлық құлаудың жартысы терезенің жанында тұрған жиһазбен және ересектердің немқұрайлы қарым-қатынасымен байланысты болады.

Барлық ата-аналар сақтауы тиіс бірнеше қарапайым ережелер:

* Балалар терезеден құлап кетуі мүмкін, егер ол 12,5 см-ден астамға ашылса.
* Барлық терезелерде 12,5 см-ден астам ашуға мүмкіндік бермейтін тақтайлар немесе қоршаулар орнату қажет. Механизмдер жабық терезе режимінде ғана емес, «желдету» режимінде де жұмыс істейді.
* Терезенің қасында балалармен ойнамаңыз. Машиналарды, өтіп бара жатқан және т. б. көрсету үшін оларды терезе алдына қоймаңыз.
* Терезенің жанында оңай көтерілетін жиһаз қоймаңыз және москит торына сенбеңіз.
* Жалюздің жіптерімен шынжырлар ілінбеуі керек: олар балаға терезеге шығуға көмектеседі.
* қылтиманы жабу керек.
* Балаларды аз уақытқа да қараусыз қалдырмаңыз.

Д.Берденов,

облыстық ТЖД бас маманы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button