Қоғам
Атырауда айт намазы оқылды
Қасиетті Рамазан айы аяқталысымен барша мұсылман жұртшылығының ең ұлық мерекесі ораза айт та келіп жетті. Осындай ұлық мереке күні Атырауда айт намазы оқылды.
Облыстың бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «Ораза айт – ұлық мереке» тақырыбында уағыз айтты. Су тасқынынан зардап шегіп отырған аймақ тұрғындары үшін дұға жасап, ел тыныштығы мен тұрақтылығын тіледі. «Иманғали орталық мешітінде төрт мыңға жуық жамағат айт намазына қатысты.
Намаздан соң жиналған жамағат бір-бірін құттықтап, рамазан айындағы жасаған тағат-құлшылықтарының қабыл болуын тіледі. Мешіт ақсақалдары бата берді.
Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі