Жарнама
Қоғам

«Атырау — Ыстамбұл», «Атырау — Мәскеу» бағытында әуе рейсі ашылады

Атырау қаласынан Ресей мен Түркия елінің астанасына әуе рейстері қатынайды, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, «Россия» әуе компаниясы 23 сәуірден бастап Superjet 100 әуе кемесінде рейсті орындауды бастайды. Атырау-Мәскеу-Атырау бағытындағы рейс дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі күндері қатынайды. Атыраудан ұшу уақыты сағат 17.40, Мәскеуден келу уақыты 16.30. Ұшу ұзақтығы 2 сағат 20 минут.

Сондай-ақ, «Air Astana» әуе компаниясы 26 сәуірден бастап «Атырау – Ыстамбұл – Атырау» бағыты бойынша жаңа рейс ашады. №769/770 әуе рейсі аптаның сейсенбі және жұма күндері қатынайды. Ұшу уақыты Атыраудан 08.10, Атырау қаласына келу уақыты 17.05. Рейстің ұзақтығы 4 сағат 10 минут. Билет құны Мәскеу бағытына 93000 теңгеден,  Ыстамбұл аралығы 114300 теңгеден басталады.

Сонымен қатар №625/626 халықаралық жолаушылар пойызы жолға шығады. Атыраудан пойыз 20 сәуірден бастап жұп күндері,  Астраханнан Атырауға тақ күндері қатынайды. Билет құны — 13 400 теңгеден басталады.

Бұдан бөлек, 26 сәуірден бастап Атырау мен Астрахань арасында халықаралық әуе рейсі ашылады. Рейс BC Bombardier Dash 8-400 типті  «Qazaq Air» әуе компаниясының ұшағымен аптасына екі рет жиілікпен орындалады.

Ұшақ сейсенбі және сенбі күндері Атыраудан сағат 10:40, ал Астраханнан Атырау әуежайына сейсенбі күні 13:00, сенбі күні 12:40 ұшып келу жоспарлануда. Ұшу уақыты 50 минут. Бір бағыттағы билет құны — 35 800 теңгеден басталады.

Ал «Атырау — Дина Нұрпейісова» бағытындағы пойыз кесте бойынша қатынайды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button