АТЫРАУ – ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДА
Алдымен облыстық мұрағат басшысы Зұлпұхар Сүйінішов қазыналы өңірдің терең тарихы мен өнегелік шежіресін өскелең ұрпаққа насихаттауда осындай көрме-экспозициялардың маңызы зор екенін атап өтті. Осыдан соң қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әліпқали Бекешов, өлкетанушы Абат Кенжеғалиев Қазақ елі үшін оңай келмеген Тәуелсіздікті баға жетпес байлық деп ұғу керектігін жеткізді.
Биыл тарихымызды түгендейтін жыл болды. Олай дейтініміз, Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы, Ұлы Жеңістің жетпісінші жазы, Ата Заңымыздың 20 және Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойлары үлкен салтанатпен атап өтілді. Осы орайда қалалық мұрағат басшысы Жаңылсын Әлпиярова аймағымызда орын алған бірқатар айтулы оқиғаларға тоқталып өтті. Соңы аталған мектептің І санатты мұғалімі Венера Сақып пен 5-сынып оқушылары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.