Жарнама
Қоғам

Атырау қаласы: 11 тонна гуманитарлық көмек жиналды

Жылыой ауданына гуманитарлық көмек жинау үшін Атырау қаласындағы Әбілхайыр хан, 79 мекен-жайындағы көрме орталығы тәулік бойы үзіліссіз қызмет етуде. Бұл туралы облыстық жедел штаб хабарлады.
–Қазіргі сәтте 100-ге жуық ерікті екі ауысым бойынша қызмет атқарып жатыр. Кешегі күннің өзінде 7 тонна гуманитарлық көмек жиналса, бүгін Алматы қаласынан «Asar Ume” қоғамдық қорының 3 тонна гуманитарлық көмегі жеткізді. Сондай-ақ, 100-ге жуық қала тұрғынынан да жинақталып, жалпы есеп бойынша көмек мөлшері 10,5 тоннаға жетті, — деді Жастар ресурстық орталығы кеңес беру бөлімінің басшысы Асухан Назымбеков.


“Asar Ume” қайырылымдық қоры Атырау қаласынан бөлек, басқа өңірдегі су тасқынынан зардап шеккен облыстарға да көмектесуде.
“Asar Ume” қайырымдылық қорының өкілі Данабек Ғабдуллиннің айтуынша, қордан Алматыдан Атырау қаласына жүктер ұшақпен әкелінген.
–Бұл жүктердің ішінде балаларға арналған жөргектер, азық-түлік және қажетті тұрмыстық заттар, сонымен қатар комбинезондар мен қайықтар бар. Қазір штаб арқылы қажетті заттар қай өңірге қажет болса, сол жақтарға жіберіледі. Бұл қаражат халықтан жиналып жатыр. Атырау облысы Құлсары қаласына ең көп назар аударатын боламыз,- деді Данабек Ғабдуллин.

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button