Жарнама
Қоғам

Атырау облыстық туберкулезге қарсы балалар шипажайындағы мереке

     Иә, «сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған». Бірақ, бала біткеннің бәрі бақытты ма?! Дені сау, ата-анасы жанында ма?! Бақытты балалық шақ барлық баланың маңдайына біткен бе?! Ем алып, кішкентайынан аурумен күресіп жүрген, өмірге құштар балалар қоғамда бар екені жасырын емес. Ата-анасынан алыс, жанұясынан жырақ  жүрген бүлдіршіндер  Атырау облыстық туберкулезге қарсы балалар шипажайында ем қабылдауда.

Ем алушы кішкентай балалардың жүзіне күлкі сыйлап, қуанту мақсатында балаларды қорғау  күніне орай облыстық іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен «Бар мейіріміміз балаларға!» атты мерекелік шарасы өткізілді. Олар жыл сайын балаларды төл мерекемен құттықтауды дәстүрге айналдырған.

Мамандардың айтуынша шипажайда 74 бала ем алып жатыр. Іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері, кәсіпкер қыз-келіншектердің қолдауымен алаңда балаларға арнап үлкен қуыршақтардың қатысуымен көңілді шоу-бағдарлама ұсынып, тәтті тағамдар мен жеміс-жидектер таратылды. 

  • -Балаларға мереке күндері ғана емес жиі көңіл бөлгенді құп көреміз. Алайда, Балаларды қорғау күніне арналған жыл сайын өткізілетін бұл шара біз үшін аса маңызды. Ем алушы көңілдері жарты балаларды кішкене де болса қолдап, мейірім мен махаббатымызды көрсету мақсатында осындай шара ұйымдастырдық. Балалар бізді күтеді. Олардың жүзінен шынайы күлкі мен жанарынан қуаныш көру біз үшін бақыт. Дегенмен, тек мерекелік шара ұйымдастрып қоймай, мекеменің ішкі мәселесін, балалардың арасындағы түйіткілді түйінді іскер әйелдер қауымдастығы әрдайым шешу жолын қарастырудамыз. Шипажай ұжымына алғысымыз шексіз, себебі балаларға жұмыс ретінде емес, үлкен жүрекпен қамқорлық көрсетуі ерлікпен пара-пар,-дейді Атырау облысы іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Фатима Төлеева.

Жайна МӘЛІМҚОЖА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button