Жарнама
Қоғам

АТЫРАУ – ҚҰТТЫ ҚОНЫСЫМ

Зулай төрт жасында ата-анасымен Қазақстанға көшіп келіпті. Бұған әкесінің жұмысы бойынша шақырту алғаны сеп болған. Кейін түгел отбасы бірауыздан қазақ жерінде мекендеп қалуды ұйғарады. Сөйтіп алғашқыда Құлсары қаласында тұрса, артынша Атырауға ат басын бұрған екен. «Мен Жамбыл атамыздың атындағы мектептен түлеп ұштым. Заң саласының білгірі боламын деген ниетпен құқықтану мамандығы бойынша оқуға түстім» деп ағынан жарылды ол.

Шешен әйелдері бастарынан орамал тастамайды. Ал, қыз балаға шалбар не қысқа етекті көйлек киюге мүлде болмайды. Бұл ежелден келе жатқан тыйым деседі. Қазақы салт-дәстүрді санасына сіңіріп өскен бойжеткен үйге қонақ келсе, дастархан жаюға дағдыланып қалғанын айтады. «Тағы бір шешендік ғұрып, жігіт отбасын құрып, қыз бала тұрмысқа шықса, ортада бір ғана той болады. Келін жақтан тек апасы келеді, қалған туыстары қатыспайды. Бір ерекшелігі, басқа елдің тумасына шешендер қанша ғашық болса да, қосыла алмайды. Бұл дәстүр өте қатаң сақталған. Менің тілерім, бір шаңырақ астында айрандай ұйыған қазақ елінің ғұмыры мәңгілік болғай!», — дейді Зулай.

Диас АЙБАРОВ, Студент.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button