Атыраулық спортшы – Паразиада жүлдегері!

20181008010048 Қоғам

Индонезияның Жакарта қаласында Паразиада ойындарында атыраулық спортшы, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі – Дмитрий Ли 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде қола жүлдегер атанды.

20181008010048

Ол 1:07,77 уақыт көрсеткішімен Иран мен Малайзия мемлекеттерінің спортшыларынан кейінгі орынға жайғасты. «Бұл көрсеткішіме өте қуаныштымын. Жүлде тұғырында тұрғандағы сезімімді сөзбен жеткізе алмаймын. Мұны тек сол жерде болған адам ғана сезіне алады. Маған қолдау білдіріп сенім артқан барша отандастарыма алғысымды айтамын» дейді спортшы.

Азия ойындары 13 қазанға дейін жалғасады.

Аман ШАМАР

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз