Жарнама
Қоғам

Атыраулық спортшы Азия чемпионы атанды

15 маусым күні Астана қаласында муай-тай спортынан Астана қаласының әкімі кубогы аясында үлкен спорттық кеш өтті. Бүкіләлемдік муай-тай кеңесінің нұсқасы бойынша кеште кәсіпқойлар арасындағы Азия чемпионы атағы сарапқа салынды.

photo_87326

Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Азия чемпионы атағы үшін атыраулық спортшы Еламан Саясатов пен Тай елінің спортшысы Конгкамрая Жирапонга жекпе-жек өткізді. Тай спортшысы осыған дейін 95 кездесуде жеңіске жеткен.

20 жасар атыраулық спортшы қарсыласының қаншалықты тәжірбиелі болғанына қарамастан, жеңімпаз атанды. Осылайша, Еламан чемпион атанып, ҚР Муай-тай федерациясының президенті К.Мәсімов жерлесімізге белдік байлады.

Айта кету керек, бүгінгі таңда Еламан тек қана Қазақстанда емес, әлемдегі ең үздік спортшылардың бірі. Ол биылғы жылы Мексикада өткен әлем біріншілігінде күміс, былтырғы жылы Польшада өткен Бүкіләлемдік ойындарда алтын медаль еншілеген болатын.

Хорлан Смадияр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button