
Қоғам
Атыраулық Қаһарман Қисметов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Жас спортшы 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы грек-рим күресінен Әлем чемпионатында өз бағын сынады, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

72 кг салмақта өнер көрсететін Қаһарман жартылай финалда грузиялық балуанға 5:7 есебімен есе жіберді. Есесіне, қола жүлде үшін бәсекеде ресейлік қарсыласын 5:0 есебімен айқын басымдылықпен ұтты.
21 жастағы балуан 2015 жылы жастар арасында Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жастар арасында Азия біріншілігінің жеңімпазы, 2017 жылы ересектер арасында ҚР чемпионы атанып үлгерді.