«Атырау» – қауіпті аймақта

Screenshot 1 Қоғам

Футболдан Премьер-Лига командалары арасында ел біріншілігінің кешегі өткен кезекті турында күтпеген нәтижелер тіркелді.

Screenshot_1

Топ басында келе жатқан «Астана» Қызылорданың «Қайсарын» қабылдап, тоқсан минут бойы жеңімпазды анықтай алмай, тең тарқасты. Ал, чемпиондықтан үміткер Алматының «Қайраты» өз алаңында Оралдың «Ақжайық» командасынан 0:1 есебімен жеңілуге мәжбүр болды.

Қарағандыға қонаққа барған «Атырау» футболшылары «Шахтерден» 2:1 есебімен жеңіліп, турнир кестесіндегі жағдайын қиындатып жіберді. Қалған кездесулердің нәтижелері төмендегідей: «Тобыл» –«Жетісу» – 2:2, «Ертіс» – «Қызыл-Жар СК» – 0:1, «Ордабасы» – «Ақтөбе» – 0:0.

Біріншіліктің көшін 24 ойыннан кейін 58 ұпай жинаған астаналықтар бастап келеді. «Қайраттың» еншісінде  54 ұпай.

«Атырау» кезекті ойынын 22 қыркүйекте өз алаңында «Қызыл-Жар СК» командасымен өткізеді.

Бақытжан ЖҰМАТ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз