Қоғам
«АТ-ТАКФИР УАЛЬ-ХИДЖРА»– ЭКСТРЕМИСТІК ҰЙЫМ
— Аталған шешімді шығару барысында, бұл халықаралық ұйымды экстремистік деп тану бағытындағы дәлелдемелермен қоса, ол ұйымның Ресей Федерациясында, Қырғызстан, АҚШ, Түрік Республикаларымен және Еуропалық Одақ көлемінде тыйым салынғаны негізге алынды. Бүгінгі күні сот шешімі заңды күшіне енді, — деді облыстық прокуратураның ресми өкілі Аслан Нұрғалиев.
Прокуратура осы жағдайға байланысты «Ат-такфир уаль-хиджра» халықаралық ұйымының қызметіне қатысқандар, қызметін қаржыландырып, ұйымның идеологияларын насихаттағандар заң бойынша қатаң жауапкершілікке тартылатынын ескертіп отыр.
Азамат Сансызбайұлы.