«Astana Arlans» «British Lionhearts» командасын жеңді
Атырауда Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) VIII маусымының жартылай финалдық ойыны аяқталды, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
WSB жобасының үш дүркін чемпионы «Astana Arlans» командасы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Жайық» мәдени-спорт кешенінде Ұлыбританияның «BritishLionhearts» командасымен кездесті. «Astana Arlans» және «BritishLionhearts» командалары арасында өткен тартысты шайқасты 3 мыңға жуық жанкүйер тамашалады.
5 кездесудің қорытындысы бойынша «Astana Arlans» командасының боксшылары 4 рет жеңіске қол жеткізді.
Ойын cоңында аукцион өткізіліп, «Astana Arlans» командасының спортшыларының қолғаптары ойнатылды. Аукционнан көтерілген қаржы 7 миллион теңгені құрады. Осылайша, боксшылардың бірінің қолғабы 3 миллион 700 мың теңгеге сатылды. Барлық түскен қаражат науқас балалардың емделуіне жұмсалады..
Айта кетейік, өткен жылдың наурыз айында Атыраудағы екінші кездесуде Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жетінші тұрақты маусымы барысында «Astana Arlans» қытайлық «China Dragons командасын 5:0 есебімен жеңген еді.
Хорлан Смадияр