Жарнама
Қоғам

Ассамблея – қоғамды ынтымаққа ұйыстыратын құрылым

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА-ның ХХХІІІ сессиясында «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты тақырыбының мән-мағынасына тоқталды. Қазір елде орын алған су тасқынында бұл үш сөздің маңызы айрықша байқалғанына куә болдық.

Табиғи апатпен күресте алғашқылардың бірі боп Ассамблея мүшелері төбе көрсетті. Атап айтқанда, гуманитарлық көмек жинау мен жағалауда бөгет тұрғызу жұмыстарында атсалысты. Осы орайда Президент Ассамблеяның бәзбіреулер айтқандай, жәй ұйым емес, қоғамды бірлікке, ынтымаққа ұйыстыратын бірден-бір құрылым екенін айтты.

Ассамблея – Конституциялық мәртебесі бар маңызды қоғамдық орган. Сондай-ақ мемлекет басшысы «Достық» үйінің ел дамуына үлес қосатын коммуникативті орталыққа айналуы керектігін де атап өтті. Елдің стратегиялық дамуына біздің бірлігіміз үлкен рөл атқаратынына сенемін. Қашанда «Күшіміз – бірлікте» екенін ұмытпайық!


Людмила ЛИ,

«Тхоньил» корей этномәдени бірлестігінің өкілі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button