Жарнама
Қоғам

Аспан астындағы аллея

Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы және Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-сі ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған  «Ашық аспан астындағы вернисаж-аллеясы» атты қолданбалы өнер көрмесі өтті.

Құрманғазы аллеясында ұйымдастырылған шараның басты мақсаты — өскелең ұрпаққа эстетикалық, патриоттық тәлім-тәрбие беру, жергілікті суретшілердің материалдық және рухани жетістіктерін көпшілікке насихаттау.

Көрмеге қойылған суретшілер мен қолөнер шеберлері туындыларында әр заманның әр қилы ерекшелігі сипатталған. Көрмені тамашалаған қала тұрғындарын, әсіресе, жас химиктердің өнер тапқыштығы зор әсерге бөледі.

«Аспан астындағы вернисаж – аллеясы» қолданбалы өнер көрмесіне белсенді қатысқан өнер иелері арнайы дипломдармен, сонымен қатар, көрерменнің арнайы сыйақыларымен марапатталды. 

Мәлике ҚУАНЫШЕВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button