Жарнама
Қоғам

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР БОЛҒЫҢ КЕЛЕ МЕ?

Ол өз сөзінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Ресей Федерациясының және алыс-жақын шетел мемлекеттерінің жоғары әскери оқу орындарына тегін оқуға мүмкіндік бар екенін әңгімелей келе, еліміз тәуелсіздік алуына байланысты оның алдына өз әскерін құру міндеті қойылғанын, 1992 жылы 7 мамырда ҚР Қарулы Күштері құрылғанын айтты. «Қарулы Күштеріміздің құрылу, қалыптасу және даму процесі Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты,» — деді. 

Елбасы Жолдауында атап өтілгендей, біздің негізгі мақсатымыз – әлемдік стандарттарға сай білімді, шет ел тілдерін еркін меңгерген, әскери және техникалық даярлықтың шеберлері болып табылатын мамандар даярлау, бір сөзбен айтқанда, нағыз әскери элитаны қалыптастыру. Рас, Отан қорғау – үлкен мәртебе. Бұл туралы белгілі қолбасшымыз Бауыржан Момышұлы: «Офицер тек мемлекеттік қызметкер емес, ол көптеген адамдардың тағдыры тапсырылған мемлекет адамы,» — деген болатын. Осыған орай Атырау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасында Қазақстан, Ресей, Түркия  және Үндістан елдерінің әскери оқу орындарына талапкерлерді іріктеу жұмыстары жүргізілуде.

Мұнан әрі басқарма басшысы С.Арапбаев пен басқарманың әскери қызметшілері сол жоғары оқу орындарының әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, олар туралы толық мағлұмат берді. Жоғары әскери оқу орындарына қабылдау күні 17 жасқа толған, бірақ 21 жастан аспаған және 24 жасқа толмаған әскери қызмет өткерген азаматтар, «Жас ұлан» республикалық мектебінің және республикалық әскери мектеп-интернаттарының бітірушілері қабылданады. Әскери оқу орындарына түсуге ниет білдірген жастар тұрғылықты жері бойынша қорғаныс ісі жөніндегі аудандық (қалалық) бөлімдерге (басқармаға) оқуға түсу жылының 1 маусымына дейін арыз бере алады. 

ҰБТ немесе кешендік тестілеудің нәтижелері бойынша 50 және одан жоғарыбалл алған үміткерлер келесі емтихандарды тапсыруға жіберіледі. Кәсіби пән бойынша 7 баллдан кем емесұпай алу қажет. Жоғары әскери оқу орнына курсанттар қатарына кешенді тестілеуден, дене шынықтыру дайындығынан, медициналық комиссияның сараптамасынан өткен, кәсіптік таңдаудың барлық көрсеткіштерінен қанағаттанарлық нәтиже көрсеткен үміткерлер қабылдау комиссиясының шешімімен қабылданады.

Жоғары әскери оқу орындарына тиімді оқу және сапалы жоғары білім алу үшін қажетті жағдайлардың бәрі жасалған. Курсанттар жақсы жабдықталған әскери жатақханаларға орналастырылып, спорт залы, стадион, атқыш тирі, клуб, далалық оқу орталығы, лазарет, асхана және басқа да қажетті объектілермен қамтылады.  Оқу корпустары дәрісханалармен, арнайы сыныптармен және зертханалармен жабдықталған, курсанттар үшін компьютерлік сыныптар, оқу залы мен кітапхана жұмыс істейді. Жоғары әскери оқу орындарында оқу мерзімі 4 және 5 жыл. Оқу мерзімінде курсанттар үш мезгілді тегін тамақпен, ақшалай қаражатпен, киім-кешекпен, оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етіліп, ақысыз дәрігерлік тексеруде болады. Жыл сайын оларға жазда – 30 тәуліктік, қыста 14 тәуліктік демалыс мерзімі беріледі.

Елбасының Жарлығымен әскери қызметшілерге әскери атақтары үшін төленетін еңбекақы мен сыныптық біліктіліктері үшін төленетін үстемақы көбейген. Қорғаныс министрлігі «әскери қызметшілердің әлеуметтік пакетін» әзірлеуде.

 Қосымша ақпарат алу үшін Атырау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасына (Атырау қалалық әскери комиссариатқа) жолығуларына әбден болады.

Лиза СЕЙТІМОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button