Жарнама
Қоғам

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ – КЕЛІСІМ-ШАРТПЕН

Заңның 37-бабында атап көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының азаматы Қарулы Күштердің уәкілетті лауазымды адамымен Әскери қызмет өткеру туралы келісім-шарт жасалады. Әскери қызмет өткеру туралы келісім-шартта азаматтың әскери қызметке кіруінің еріктілігі, азаматтың әскери қызметті өткеруге міндеттенген мерзімі және келісім-шарттың басқа да талаптары бекітіледі. Келісім-шарт талаптарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер, кепілдіктер мен өтемақылар алуды қоса алғанда, азаматтың өз құқықтары мен өзінің отбасы мүшелері құқықтарының сақталу құқығы көзделеді.

Келісім-шарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдар мынадай талаптарға сай келуі тиіс:

Қазақстан Республикасының азаматтығына ие болуға; курсанттарды қоспағанда, он тоғыз жастан кіші емес және әскери атағына байланысты әскери қызметте болудың осы Заңда белгіленген шекті жасынан бес жас кіші болмауға; әскери лауазымға сәйкес келетін әскери есептік мамандығы болуға; мерзімді әскери қызметті өткерген, не жоғары оқу орындарының әскери кафедрасынан оқудан өткен, Қорғаныс министрлігінің әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі мамандандырылған ұйымдарында әскери даярлықтан өткен болуға тиіс.

Келісім-шарт бойынша әскери қызметке: сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған; әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес әскери қызмет міндеттерін орындауға кедергі келтіретін ауруы бар; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді өзіне қабылдаудан бас тартқан; бұрын сотталған немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған не оған қатысты қылмыстық іс қозғалған; мемлекеттік қызметтен немесе әскери қызметтен теріс себептер бойынша босатылған адамдар қабылданбайды.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңына сәйкес келісім-шарт мерзімі әскери қызметке алғаш кіретін адамдар үшін үш жылға, бес жылға, он жылға әскери қызметте болудың шекті жасына толғанға дейін жалғаса береді.

 Қабылданған Заңның 8-тарауында әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру жайы жан-жақты қарастырылған. Мәселен, әскери қызметшілердің барлық санаттары әскери қызмет міндеттерін орындағаны үшін Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде белгіленетін ақшалай үлеспен қамтамасыз етіледі.

Ақшалай үлес ақшалай қаражатты (лауазымдық айлықақыны және әскери атағы бойынша айлықақыны), қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақыларды және қолданыстағы заңнамада көзделген басқа да үстемеақыларды қамтиды.

 Келісім-шарт бойынша әскери қызметшілердің лауазымдық айлықақылары мемлекеттік қызмет өтілі ескеріле отырып айқындалады. Келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерге жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және комендатураларында тұратындарын қоспағанда, коммуналдық қызметтерге арналған шығыстарды төлеу үшін уәкілетті органдардың бірінші басшылары айқындайтын, тәртіппен тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген мөлшерде ақшалай өтемақы төленеді.

Мемлекетіміз келісім-шарт бойынша әскери қызметке түсетін азаматтарға зор мүмкіндіктер мен әлеуметтік жеңілдіктер қарастырып отыр. Заң бойынша әскери қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, келісім-шарт мерзімінің өтеуі, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқаруына байланысты шығарылған, 2013 жылғы 1 қаңтарға еңбек сіңірген жылдары он және одан да көп жыл болған келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерге әскери қызметтен босатылған кезде әскери қызметте 10 жылдан 15 күнтізбелік жылға дейін еңбек сіңірген жылдары барларға – төрт айлық ақшалай қаражат; 15 жылдан 20 жылға дейінгілерге – бес айлық ақшалай қаражат; 20 жылдан 25 жылға дейінгілерге – алты айлық ақшалай қаражат; 25 жылдан 30 жылға дейінгілерге — жеті айлық ақшалай қаражат; 30 жылдан асқан адамдарға сегіз айлық ақшалай қаражат мөлшерінде шығу жәрдемақысы төленеді;

Әскери қызмет өткеру кезеңінде орденмен (ордендермен) наградталған әскери қызметшілерге шығу жәрдемақысының мөлшері ақшалай қаражатының екі айлықақысына арттырылады.

Қазіргі таңда Атырау облысы бойынша келісім-шартпен әскери қызметке Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында орналасқан әскери бөлімдерге 100-ден астам азамат жіберілді.

Жоғарыда аталған жайттарды қаперге бере отырып, облыс және қала бойынша әскер қатарынан оралған ер-азаматтарды әскери қызмет атқаруға шақырып, тез арада хабарласуын қаперге береміз.

Байланыс телефондары: 49-14-57, 30-97-24. 

Ардақ КУКАТОВ,

Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник.

.

 

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button