Жарнама
Қоғам

Әскери бөлімдегі бір күн

 «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты №41433 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздардың тыныс-тіршілігімен танысуды мақсат етіп, ертемен ат басын бұрдық. Қала көшелері тып-тыныш. Тұрғындардың тәтті ұйқы құшағында жатқан шағы. Ал, аталмыш әскери бөлім қызметкерлері жұмыстарына әлдеқашан кірісіп кеткен. Кіре берістен-ақ құжаттарымызды мұқият қарап, алдын ала тексеріп алды. Осыдан-ақ сақтық шараларының қатаң екені көрініп тұр.

Әскер әлсіздікке жол бермейді Бізді әскери бөлімнің командирі, подполковник Серік Елубаев пен оның тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, капитан Бақтығали Әлімбаев қарсы алды. Батальонның тыныс-тіршілігімен таныстырған Серік Нұрлыбекұлы қазір сексен сарбаздың қызмет етіп жатқанын, алдағы күндері Алматы және Талдықорған қалаларынан қосымша алпыс солдаттың келетінін айтты.  Мұндағы сарбаздар жауынгерлік даярлыққа машықтанады, ұрыстың түрлі тәсілдерін, барлық әскери жаттығуларды меңгерген.

Әскердің ішкі талабы бойынша сарбаздар өзі туып-өскен аймақтағы әскери бөлімге шақырылмайды екен. Сондықтан, бұл бөлімде Қызылорда және Жамбыл облыстарынан келген жігіттер Отан алдындағы борышын өтеп жүр. 

— Әскерге жаңа келген жас жауынгерлер алғашында қиналады. Бірі ата-әженің еркесі болса, енді бірі үйдің тұңғышы. Олардың бір-біріне үйренісіп, темірдей тәртіпке  бейімделіп кетуі де оңай емес. Бұл орайда, арнайы психологтар жұмыстар жүргізеді. Ротаға бөлінгеннен кейін бір ай уақыт әскери өмірге дайындалады.  Кейін қатал тәртіпке үйреніп, машықтанып шығады. Өйткені, әскер әлсіздікке де, еркелікке де жол бермейді. Бәріне ортақ өз талабы мен тәртібі бар, — дейді бөлім командирі, подполковник Серік Елубаев.

 

Рита ӨТЕУҒАЛИ.

Толығырақ газеттен оқи аласыз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button