Жарнама
Қоғам

Арық сөйлеп, семіз шығатын заман

Жасыратыны жоқ, қазір көптеген алқалы жиындарда көп мәселе көтеріледі де, бірақ айтылған әңгіме сол жерде қалып қойып жатады. Содан келіп қордаланып қалған проблемалардан үлкен түйінді түйткілдер туындайды. Қарапайым халықтың Үкіметке, оның саясатын жергілікті жерде жүзеге асыратын әкімдіктің жұмысына көңілі толмайтыны сондықтан. Мұндайда қазақ «Арық сөйлеп, семіз шық» дейді.     

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, міне, осы мәселені көтерді. Соның ішінде, экономиканы әртараптандыру ісінде атқарылып жатқан істің аз екенін, сөзден іске көшетін кез келгенін айтып, Үкіметтің жұмысын сынға алды.

— Жаңа ғана еліміздің даму барысы туралы Үкіметтің есебін тыңдадық. Бірақ ісімізден сөзіміз көп болып тұр. Дереу іске көшпесек, әлемдік бәсекеде озық бола алмаймыз, яғни әлем экономикасында көш соңында қалуымызға тура келеді. Қазақстан мұнай және газ өндіруші ел ретінде жаңа геоэкономикалық жағдайға бейімделуі тиіс. Экономиканы әртараптандыру – уақыт талабы әрі стратегиялық міндет. Біз бұл туралы үнемі айтып жүрміз, — деді Президент.

Амандық Сасаев,

ардагер –мұнайшы,

Жылыой ауданы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button