«АруАна» республикалық үздік әйелдер жобаларының конкурсына өтінімдерді қабылдау басталды

img 6133 Қоғам

«АруАна» республикалық үздік әйелдер жобалары конкурсы әлеуметтік бағыттағы үздік идеялар мен жобаларды іске асыратын әйел көшбасшыларды қолдауға, біріктіруге және ілгерілетуге бағытталған.

Әлеуметтік бағыты бар үздік әйелдер жобаларын іріктеу Қазақстанның барлық өңірлерінен жүзеге асырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен өткізіледі және 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған.

Конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында салтанатты түрде диплом және ерекшелік белгісін (мүсінше) тапсыра отырып өткізіледі.

Кім қатыса алады?

Конкурсқа қатысушылар Қазақстан аумағында әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыратын әйелдер мен әйелдердің қоғамдық бірлестіктері болып табылады.

Іріктеуді кім жүзеге асырады?

Өтінімдерді іріктеу конкурстық комиссия жүзеге асырады.

Конкурс жеңімпаздарын айқындау жөніндегі Комиссия тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің өкімімен мүдделі мемлекеттік органдардың, азаматтық сектордың өкілдері, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссиялардың мүшелері қатарынан кемінде 5 (бес) адам көлемінде тиісті өңір әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының/әкім аппараты басшысының төрағалығымен құрылады.

Конкурстық комиссия мынадай өлшемшарттарды ескере отырып, ашық дауыс беру арқылы, отырысқа қатысатын оның мүшелерінің көпшілік дауысымен шешім қабылдайды:

– жобаның өзектілігі (1-ден 5 баллға дейін);

– жобаның әлеуметтік маңыздылығы (1-ден 5 баллға дейін);

– жобаның қол жеткізілген нәтижелері (1-ден 5 баллға дейін);

– жобаны қамту (1-ден 5 баллға дейін).

Нақты жоба бойынша мүдделер қақтығысы болған жағдайда комиссия мүшесі бұл туралы Комиссияны хабардар етеді және нақты жоба бойынша дауыс беруге жіберілмейді.

Іріктеу қорытындысы бойынша 1 (бір) жеңімпаз жоба Ұлттық комиссияға жіберіледі.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі

Өтінімдерді қабылдау – 2024 жылғы 5-20 ақпан аралығында өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін тиісті өтінімді толтырып Z.Zhalmurzina@atyrau.gov.kzэлектрондық мекенжайына немесе қағаз түрінде Атырау қаласы, облыстық әкімдікке Әйтеке би көшесі 77 мекенжайына жолдау қажет.

«АруАна» республикалық үздік әйелдер жобаларының конкурсы туралы ЕРЕЖЕДЕН жүктеп алу қажет.

Барлық сұрақтар бойынша 31-99-75; 87014746565 – телефоны бойынша хабарласу қажет.

 Өтінім

«АруАна» республикалық Үздік әйелдер жобалары конкурсына қатысуға

1. Жоба авторының (басшысының) немесе командасының ТАӘ

2. Жобаның бағыттары:

– Агробизнес саласындағы үздік жоба. 

– Үздік IT жобасы

– Шығармашылық индустрия саласындағы үздік жоба

– Жаңа медиа саласындағы үздік жоба (БАҚ, әлеуметтік желілер).

– Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы үздік                            жоба.

– Инклюзивті даму саласындағы үздік жоба.

– Ғылым және инновация саласындағы үздік жоба.

– Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы белсенді құқық қорғаушы.

– Үздік әйел кәсіпорын басшысы.

– Әйелдер құқығын қорғау саласындағы үздік ҮЕҰ және басқалар.

3. Жобаның атауы

4. Жобаның сипаттамасы (5-7 ұсыныстан артық емес)

5. Жобаның мақсатты аудиториясы.

6. Жобаның әлеуметтік маңыздылығын сипаттау.

7. Растайтын құжаттар (бар болса), фото және бейнематериалдар

8. Жоба авторының (басшысының) байланыстары.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз