Жарнама
Қоғам

«Ардагерлер әуені»

  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Құрманғазы аудандық мәдениеті үйінде ұйымдастырылған шығармашылық кеш осылай аталды. Кезінде халық шаруашылығының түрлі салаларында еңбек етіп, бүгінде зейнет жасында жүрсе де қоғамдық ортадан шет қалмай, өнерлерімен көпшілікті тәнті етіп жүрген бір топ ардагер сахна төрінде әуелетіп ән салды, күмбірлетіп күй төкті. Алды сексеннің сеңгіріне келген аға буын өкілдері бір сәт жастық шақтарымен қайта қауышқандай, көтеріңкі көңіл-күй кешіп, бір жасап қалғандай әсерде болды. Ганюшкиндік Ғизат Дәрібаева С.Құсайыновтың «Мереке» күйін, Әлия Шайхимова мен Нұрлан Мертаев Д.Сүлеевтің «Қайдасың», көптоғайлық Гүлжамаш Сақтанова «Шақырады көктем», Орлы әжелер ансамблі «Туған ел», еңбекшілік Сәлімғали Өтеуғалиев «Аққу – арман» әндерін әуелетіп, көпшілік қошаметіне бөленді.

Дайындаған: Бақытжан ХАМИТҰЛЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button