«Қара алтын» құпиясы

7 Қоғам

Көмірқышқыл шикізаты дегеніміз не? Оны өндірудің табиғатқа тигізер әсері қандай? Баррель қалай бағаланады? Әлемдік мұнай-газ бағамы неге тәуелді? ОПЕК ұйымы нені көздейді? Салалық министрліктер мен мемлекеттік мекемелердің міндетіне не жатады? Жер қойнауын игеру саласын кім қадағалайды? Экспорттың ішкі нарықтан несі артық? «Қара алтын» қайда құйылып жатыр? 

?????????????????????????????????????????????????????????

Осы және өзге де өзекті мәселелер «Шеврон» компаниясы мен «Деловой Казахстан» республикалық экономикалық газетінің редакциясы ұйымдастырған «Салалық журналистика: Мұнай және газ тақырыбына тән ерекшеліктер» атты семинар-тренингте көтерілді. Алдымен, «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бөлім менеджері Нұртас Кенғанов «Келешек кеңею жобасы – Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару» жобасы аясындағы негізгі көрсеткіштерге шолу жасады.

Тағылымды дәріске Атырау қаласынан («Атырау», «Ақ Жайық» басылымдары, «Атырау» телеарнасы мен аймақтық коммуникация қызметі), Жылыой («Кең Жылыой» газеті), Исатай («Нарын таңы» газеті), Қызылқоға («Қызылқоға» газеті) және Мақат («Мақат тынысы» газеті) аудандарынан, сондай-ақ, Астана («Астана ақшамы» газеті), Ақтөбе («Aktobenews.kz» сайты, «Керек Инфо» газеті, «Ақтөбе» радиосы) және Ақтау («Маңғыстау» газеті) қалаларынан да журналистер қатысты. Дені – жас тілшілер. Олар бір күн бойы «Шағала Атырау» қонақүйінде белгілі сала журналистері – Әсия Ақышева мен Елена Бутыринадан сабақ алды.

Мақсат – отандық өнеркәсіптің бүгінгі даму барысымен танысу. Салаға қатысты ақпаратты оқырманға дұрыс жеткізу, мәліметтерді қажетіне қарай талдап, сараптама жасау, сала ерекшелігін ескеріп, мақаланы жеңіл тілмен жазу жолдары талқыланды. Семинарға қатысушылар баспасөз жиынын еркін форматта жүргізу, санақ көрсеткіштерін қолдану және сұрақ қою шеберлігіне қанықты.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз