Жарнама
Қоғам

Әр баланың құқығы бар

Атырау облысы білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуовтың төрағалығымен қала және аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Қорытынды комиссия отырысында жыл бойына «Жайсыз отбасылармен» жүргізілген жұмыстар, «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу шаралары» бойынша мәселелер талқыланды.

Атырау қаласында бір жылда 200-ден астам түрлі жағдайдағы отбасы және жасөспірімдерге қатысты мәселелер қаралып, заң аясында тиісті шешімдер қабылданған.
Атап айтсақ, комиссия шешімімен 7 ата-анаға ата-аналық құқығынан шектеу мәселесі бойынша сотқа талап-арыз жолданды. Оның ішінде 3 ата-анаға байланысты талап-арыз сот шешімімен қанағаттандырылды.
Кәмелетке толмағандармен қылмыс фактілері аясында 17 жасөспірімге қатысты Атырау қаласы Полиция басқармасы, Ювеналды полиция бөлімінен девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатына орналастыруға ұсыныс қаралып, комиссия шешімімен 4 жасөспірімді мектеп интернатына жіберу туралы шешім шығарылды, 2 ұсыныс сот отырысында қаралуда.
Қазір қала бойынша полиция есебінде 75 жайсыз отбасы есепте тұр, 6 жасөспірім (1, 2 сынып жасындағы) ата-аналарының тұрмыстық жағдайларына орай балаларын қараусыз қалдырмау мақсатындағы арыздары комиссияда қаралып, комиссия шешімімен балалар 5 күндік Бесікті орта мектеп-интернатына орналастырылды.

Сондай-ақ, жиын барысында Исатай, Индер, Қызылқоға, Мақат, Махамбет ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қорытынды хабарламалары тыңдалды.
Комиссияның қарауына ұсынылған ең басты назардағы мәселе — ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершіліктері. Жиында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша мемлекеттік органдар мен бірлесе жұмыс жүргізуде және осы бағыттағы жұмыстарды әрі қарай жандандыру қажеттігі айтылды.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button