Жарнама
Қоғам

АР АЛДЫНДА АДАЛ БОЛ!..

Тексеру нені көрсетті?

Атап айтқанда, иелігіндегі жылжымайтын мүлік нысандары бойынша берілетін анықтаманы  ресімдеу кезінде жекелеген азаматтардан мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарында көзделмеген артық құжаттар – жер теліміне жекеменшік құқығын беретін акт, жер телімін иелену туралы шешім (мұрагерлік, сыйға беру, сатып алу-сату шарттары) талап етілген. Осылайша, Құлсары қаласының бір топ тұрғынының өтініштері, олардың қолында жер теліміне меншік құқығын беретін актінің болмауына байланысты қанағаттандырылмаған немесе орындаудан бас тартылған. Былайынша айтқанда, тиісті құжаттардың толық топтамасы ұсыныла тұра, мемлекеттік қызметті көрсету барысында сол қызметті пайдаланушыларға  жасанды түрде әкімшілік кедергілер келтіру деректері орын алған.

Оған қоса, бұған дейін жылжымайтын мүлікке мекен-жай анықтамасын алған азаматтардан қайталап өтініш түскен кезде, оларға кезекті рет қызмет көрсетуден ешқандай негізсіз бас тартылған болып шықты. Тағы бір байқалған жайт, сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру кезінде, өтініш берушілердің нысанның жобасын ұсынбауына қарамастан, яғни, қажетті құжаттар түгенделместен қызмет көрсетілген. Тұтастай алғанда, 199 қызмет алушының түрлі мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты  өтініші ешқандай себепсіз, негізсіз қанағаттандырылмапты. 

Жаза басқандар жазасыз қалмайды

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстарын үйлестіру жөніндегі аудандық комиссияның жұмысы туралы комиссия төрағасы, Жылыой ауданының әкімі Мақсым Ізбасов хабарлама жасады.

Нақтылай кетсек, жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін беруде бірқатар ауылдық округ әкімдері тарапынан Жер кодексі талаптары бұрмаланған немесе бұзылған. Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшылығы жеке кәсіпкердің жұмысына «жасанды түрде»  кедергі келтірсе, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар  көлігі және автомобиль жолдары бөліміндегі лауазымды тұлғаның «Теплотехника» ЖШС-не қатысты мемлекеттік сатып алу мәселесін «оңтайлы шешу» мақсатында облыстық басқарманың бас маманына қомақты көлемде пара бергендігі әшкереленген.

Ал, Ақкиізтоғай ауылындағы мал сою алаңы дер мезгілінде коммуналдық меншікке алынбай, тиесілі мекеменің теңгеріміне берілмеген. Сол себепті де қазына қаражатына салынған нысан ұзақ мезгіл бойына мақсатты пайдаланылмастан қараусыз қалып, ғимарат қазіргі таңда жарамсыз жағдайға жеткен. Осылардың негізінде, жоғарыда аталған салалық бөлім басшылары, Жем, Қосшағыл, Ақкиізтоғай ауылдық және Жаңа Қаратон кенттік округтерінің әкімдері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жазалау шаралары қолданылыпты. 

Директор тәртіп бұзыпты…

Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі Әлібек Ермек-қали «Атырау облыстық прокуратурасына Құрманғазы ау-дандық прокуратурасынан келіп түскен Дыңғызыл  ауылдық мәдениет үйінің директоры Амантай Қошабаевқа қатысты ұсыныс (ұйғарым) негізінде жүргізілген қызметтік тексеріс қорытындысын жариялады.

Хабарламашының мәліметінше, аталған мәдениет мекемесінің басшысы А.Қошабаевтың тарапынан адамдарды жұмысқа қабылдау кезінде бір емес, бірнеше мәрте заңсыз әрекеттер орын алған болып шықты. Осыған орай тексеру жүргізген облыстық қаржылық бақылау инспекциясының берген қорытындысында, ауылдық мәдениет үйінде жылу қазандығының операторы қызметін атқарған А.Әбуов, кезекті жылу беру маусымының аяқталуына байланысты 2014 жылдың 16 сәуірінде жұмысынан босатылған. Дәл сол күннен бастап мекеменің штаттық кестесінде қаралмаған немесе жоспарланбаған жұмысшы қызметіне ауыстырылған. Осылайша, оған бірнеше ай бойына ешқандай негізсіз еңбекақы төленген.

Одан өзге, өткен жылдың шілдесінде директордың бұйрығымен М.Сәрсенбиев есімді азамат үш ай сынақ мерзімімен жұмысқа қабылданса, қазан айының алғашқы күнінде Ү.Үбішевтің жылу беру маусымы басталмай тұрып-ақ жұмысына кірісуіне пәрмен берген. Сол секілді, директор өзінің ұлы, мәдениет үйінің музыканты А.Ғайнеденовтің есебіне төрт айдың жалақысын негізсіз аудартқан.

Құзырлы құрылымдар тарапынан жүзеге асырылған тексерулер мен дер мезгілінде қолданылған әкімшілік жауапкершілікке тарту  шараларының нәтижесінде кемшіліктер түзетіліп, орынсыз шығындар орнына келтірілгені де отырыста атап айтылды.

Дәулетқали АРУЕВ.

Суретті түсіргенЕрлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button