Жарнама
Қоғам

«АҚЖОЛДЫҚ» МӘЖІЛІСМЕН АҚСАЙЛЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

«АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫНАН САЙЛАНҒАН ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ СЕРІК ЕРУБАЕВ ӨЗІНІҢ КЕЗЕКТІ ІССАПАРЫ АЯСЫНДА АҚСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ.

Осындағы 200 орындық мәдениет үйінде өткен кездесуге аталған партия филиалының өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты. Құрамына төрт елдімекен кіретін округте 10 мыңға жуық халық тұрады. Мұнда жеті секциялы дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 624 орындық мектеп, 290 балаға есептелген балабақша және басқа да әлеуметтік нысандар жетерлік. Тағы бір 600 орындық мектеп салынуда. Себебі, халық саны өсіп жатыр.

«Ендігі бір мәселе, «Ақсай-2» елдімекенінде мектеп те, балабақша да жоқ. Бес көшеге түнгі жарық керек. Мал басы да азайып жатыр. Соған қарамастан, үш мал, екі егін шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалығы өз жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізуде. Алдағы уақытта Ақсайға жазғы су құбырын тартуды жоспарлап отырмыз. Соңғы мәселе, «Ақсай-2» мен «Ақжар-2» ауылдарына ғаламтор желісі тартылмаған. Осы аталған мәселелер шешімін табады деген үміттеміз» дейді округ әкімі.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button