Ақтоғайда мешіт ашылды

img 20220710 wa0027 Қоғам

Ұлық мейрам өңірлерде де өзіндік өрнегін тапты. Мәселен, Махамбет ауданындағы Ақтоғай ауылында жаңадан бой көтерген мұсылмандар мешітінің тұсауы кесілді. 

    Сыйымдылығы 150 адамға есептелген ғибадатхананың салтанатты ашылу рәсіміне Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қатысты. Әуелі уыл ақсақалы Төлеген Машановпен бірге ғимараттың алдына керілген рәміздік лентаны қиған ол: 

    «Өмірдің кілті бірінші имандықта, екінші білімде. Адам ең алдымен Жаратқанның жолымен – айналасындағыларға құрметпен қарап, әрдайым олармен сыйлвстықта жүруі керек. Сонда ғана болашақтың бағыты жарқын, келешегіміз кемел болары кәміл. Ендеше қасиетті мейрам – Құрбан айт күндерінде Ақ Жайықтың бойындағы Ақтоғай ауылында керемет мешіттің халықтың игілігіне беріліп, есігін айқара ашқанынан баршамыз ода шектен тыс қуаныштымыз. Айта кету керек, жамағатты имандылыққа үндеп, діни құндылықтарды дәріптейтін Алланың үйін салу арқылы адамдар үлкен сауапқа кенеледі. Осы орайда, бұл киелі мекеннің жастарды имани тәрбиеге баулитын, ізгілікке үндеп, ата салтымыз бен дәстүрімізді насихаттайтын қастерлі орынға айналарына сенімім мол. Сауапты іске бет бұрып, ауылда мешіттің салынуына демеушілік көрсетіп, ұйытқы болған ел азаматы, жеке кәсіпкер, «Bastau Construction» ЖШС директоры Ибрагим Әліпов салтанатқа жиылған жұрттың атынан ризашылығымды білдіремін», – деді.

    Ауыл тұрғындарыын Құрбан айт мейрамымен және жаңа мешіттің ашылуымен аудан әкімінің міндетін атқарушы Нариман Халидоллаұлы құттықтап, махамбеттіктердің жүрекжарды жылы лебізін жеткізді.  

Дәулетқали АРУЕВ

Махамбет ауданы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз