Қоғам
Ақпараттық жүйедегі ақауға байланысты ХҚО клиенттерді қабылдауды уақытша тоқтатты
Бүгін, 3 тамызда «ҰАТ» АҚ серверлік орталығында апат болып, мына ақпараттық жүйелердің жұмысынан ақау табылды: Egov.kz АЖ, SB.egov.kz, Ашық үкімет порталдары, Мобильді үкімет, ЖТ МДҚ, ЕЛ МДҚ, ЭҮТШ, ЭҮСШ.
Өкінішке қарай, бұл жүйелер ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лардың жұмысына тікелей әсер етеді, сондықтан Мемлекеттік корпорация бөлімшелерінде клиенттерді қабылдау уақытша мүмкін болмай тұр.
Келтірілген қиындықтар үшін кешірім сұраймыз. Жұмыс қайта қалпына келтірілгенде қосымша хабарланады.