Қоғам
Аналарға мың алғыс
Құрманғазы ауданы Қиғаш ауылдық клубында округтің Аналар кеңесімен бірлескен 1-наурыз — Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту-парызым!» атты шара өткізілді, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.
Шараны бүлдіршіндердің қазақ биімен ашып, «Анамызға мың алғыс» атты алыстағы студент ұрпақтарының аналарына жолдаған алғыс айтқан бейнероликтерімен жалғасты.
Әжелеріміз немерелерінің жылы сөздері мен алғыстарын естіп-көріп, қуаныштан көздерін сулап алды. Клуб өнерпаздары мен ауыл келіндерінің Анаға алғыс, Әкеге алғыс әндерімен және бүлдіршіндер биімен концерттік номерлер жалғасты. Улкен әжелерімізге бауырсақ пен ақ беріліп, тәтті таратылды. Кеш көңілді өтіп, аналарымыз қуанып, алғыстарын айтып тарады.