Жарнама
Қоғам

ҒАЛЫМ-ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫ

Аурухананың осы мерейтойына орай облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен емдеу орнында балалар хирургиясындағы инновациялық технологияларға қатысты шеберлік сыныбы өткізілді. Оны өткізуге Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық академиясының балалар хирургиясы кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Болат Жаналаев, хирургия және анестезиология кафедрасының доценті Қадырбек Алтаев, Астана медицина университетінің кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Владимир Котловский арнайы келіп, қатысты. Шара Карл Шторс инновациялық-хирургиялық жабдықтар фирмасының қолдауымен өткізілді.

Ғалым-дәрігерлер екі күн болған шеберлік сыныбы кезінде көршілес Маңғыстау және Атырау облыстарының емдеу-сауықтыру мекемелерінің хирург-дәрігерлеріне хирургиядағы инновациялық озық технология жүйесі бойынша оталар жасау жөнінде дәрістер оқып, әрі бірнеше балаға күрделі оталар жасады. Ота залында жасалған оталар тікелей экран арқылы шеберлік  сыныбына қатысушыларға көрсетілді.

Облысқа арнайы келіп, жергілікті дәрігерлерге шеберлік  сыныбын өткізген ғалым-дәрігерлерге денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Дина Камелова облыстың медицина қызметкерлері атынан ризашылығын білдірді.

 Ғайнолла ЗИНУЛЛИН.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button