Жарнама
Қоғам

«ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР САПАЛЫ ЖӘНЕ УАҚЫТЫНДА ТАПСЫРЫЛУЫ КЕРЕК»

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Қызылқоға ауданына жұмыс сапары аясында Мұқыр ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында аймақ басшысы ауылда құрылысы жүріп жатқан және жобасы жасақталған нысандар бойынша баяндама жасады.

— Мұқыр ауылынан 6 шақырым болатын ауылішілік жол құрылысының жоба құжаттамасы дайын. Бюджеттен қаражат бөлініп, мердігер мекеме «Атырау көлік» ЖШС анықталды. Сонымен қатар, аталған көшелерге жарық шамы орнатылады. Тағы бір қордаланып қалған мәселе — спорт кешенін салу. Бүгінде жоба құжаттамасы дайындалуда. Сондай-ақ, 5 жылға жуық уақытта құрылысы аяқталмаған мәдениет үйінің құрылысы міндетті түрде жалғастырылады. Осы мақсатта халықтан қоғамдық бақылауды күшейтуді сұраймын, деді Серік Шәпкенов.

Кездесуде тұрғындар ауылға білікті медицина мамандарын тартуды, мәдениет үйін, спорт кешенін, саябақ салуды сұрады.

Өңір басшысы тұрғындар көтерген өзекті мәселелер заң аясында кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.

Сонымен қатар облыс әкімі Серік Шәпкенов тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Бүгінде Мұқыр ауылдық округінде 5000-ға жуық адам тұрады. Мұнда 2 орта мектеп, 1 амбулатория, полиция бөлімшесі және өзге де әлеуметтік нысандар бар.

Айта кетейік, облыс әкімінің тұрғындармен кездесуі Қызылқоға ауданы әкімдігінің Facebook, Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшаларда тікелей эфирде көрсетілді.

**

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Қызылқоға ауданына жұмыс сапары аясында Миялы ауылының тұрғындарымен кездесті.

Өңір басшысы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша баяндама жасап, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Жиында ауыл тұрғындары әлеуметтік мәселелерді қозғады. Бұл ретте аймақ басшысы тұрғындар сұрағы өзектілігіне қарай заң аясында шешілетінін жеткізді. Сондай-ақ, облыс әкімі Миялы ауылындағы құрылысы жүріп жатқан нысандарды аралады. Серік Шәпкенов аудан орталығында салынып жатқан полиция бөлімінің және ауылішілік жол құрылысымен танысты.

— 2021 жылы «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 11 шақырым жолдың құрылысы басталған. 548 млн теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді. Биылғы жылы 160 млн теңге қаржы бөлінді. Алайда қосымша 513 млн теңге қаржы қажет. Жобаны биыл аяқтау жоспарлануда. Аудан бойынша 53% жол асфальтталған, деді Қызылқоға ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары инспекциясының бөлім басшысы Ерболат Иғали. Сонымен қатар, аймақ басшысы Миялы ауылындағы орталық стадион құрылысымен танысты. 2021 жылы маусым айында басталған нысан биыл шілдеде аяқталады деп жоспарланған.

— Құрылыстың негізгі аяқталу мерзімі 2021 жылдың желтоқсан айы болған. Алайда жұмыстың баяу жүруі салдарынан 2022 жылдың шілде айына дейін ұзартылған. Бүгінде нысан 60 пайызға аяқталған, деді Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Алтынбек Бейбітов.

Аймақ басшысы жауапты мекемеге тұрғындар үшін нысандардың маңыздылығын атап өтіп, халық игілігіне берілетін әлеуметтік нысандарды уақытында тапсыруды жүктеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button