Жарнама
Қоғам

ӘЛЕМДІ МЕЙІРІМ ТЕРБЕТЕДІ

 

Мектепішілік жиын «Қайырымды іс жаса, қайырлы болар әр ісің» деген ұранмен салтанатты түрде 2 ақпан күні ашылды. Салтанатты жиыннан соң мектеп кітапханасында өзін-өзі тану бағдарламасының авторы Сара Назарбаеваның қоғамдық жұмыстары мен рухани адамгершілік тәрбиеге арналған «Мейірім төгетін ана» тақырыбында көрме ашылды. Сонымен қатар, суретшілер арасында байқау ұйымдастырылып, Дильназ Кереева мен Мөлдір Базарбай жеңімпаз болып танылды. Сонымен қатар, өзін-өзі танудан «Табиғаттан нәр алып…» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Оқушылар арасында өткен эссе және шығарма жазу байқауларында да шәкірттеріміз ерекше дарынымен көзге түсіп, терең ойлай білетіндіктерін дәлелдеді. Бұл шаралардың барлығын Сара Алпысқызының туған күніне тарту еттік.

Денсаулығына байланысты үйден оқитын оқушылар да бұл игілікті шарадан тыс қалмады. «Жүректен – жүрекке» бастамасы аясында оларға да базарлық жасалды. Ал, мектепалды дайындық сыныптары мен шағын топтардағы бүлдіршіндер «Менің досым мейірімді» тақырыбында сахналық қойылымдар әзірледі.

                Шаттық ӘМІРОВА, С.Мұқанов атындағы №10 орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button