Жарнама
Қоғам

ӘЛЕМ ЛИДЕРЛЕРІ ЕЛБАСЫ ТУРАЛЫ

Хуан КАРЛОС І,

Испания Королі:

«Сіздің еліңіз осы жылдар ішінде айтарлықтай нәтижелерге жетті. Біздің бірлескен жұмысымыздың арқасында біздің мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынастар достық пен ынтымақтастық рухында дамып отырғаны мені ерекше қуантады. Мен Сіздің күш-қуатыңыздың арқасында Қазақстан өміріндегі жаңа кезең тағы үлкен прогреспен және халықтың әл-ауқатының артуымен белгілі болатынына сенемін».

Ангела МЕРКЕЛЬ,

Германия Федеративтік Республикасының

Канцлері:

«Жауапты міндеттерді одан  әрі  атқаруыңызда  Сізге  зор  табыстар мен сәттілік тілеймін. Экономикалық, қоғамдық және саяси реформаларды жүргізуде Қазақстан бұдан былай да Германия тарапындағы қолдауға сенім арта алатын болады».

Ислам КАРИМОВ,

Өзбекстан Республикасының Президенті:

«Өзбекстанда Сізді Қазақстан тарихындағы өзгерісті кезеңде саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар үдерістеріне басшылық жасаған көрнекті мемлекеттік қайраткер ретінде біледі. Өзбекстанда  Сіздің  өзбек-қазақ  қарым-қатынасының  серпінді  дамуына қосқан үлесіңізді дәріптемеу мүмкін емес.

Біздің мемлекеттер мен халықтардың қарым-қатынасы қашанда тарихымыздың, тіліміздің және дініміздің жақындығына негізделді. Біз ғасырлар бойы қатар өмір сүрдік, өмір сүреміз де және мәңгі бірге өмір сүретінімізге сенімдімін. Біздің халықтарымыздың ерік-жігерлері, армандары мен ой-ниеттері жан-жақты өзара тиімді қарым-қатынасты дамыту үшін сенімді іргетас бола алады. Өткен жылдар біздің ортақ мақсатымыз бейбітшілікті, тұрақтылықты және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған серіктестігіміздің Өзбекстанның да, Қазақстанның да мүдделеріне жауап беретіндігін көрсетті».

Ильхам ӘЛИЕВ,

Әзірбайжан мемлекетінің Президенті:

«Қазақстан Басшылығының өңірдегі бейбіт өзара іс-қимылға бағытталған дәйекті де, дана саясаты көп жағдайда онда қауіпсіздікті сақтауға ықпал жасайды. Қазақстан әлеуетін мүмкіндігінше арттыру арқылы қуатты елге айналды. Сондықтан, оның өңірлік сипаттағы мәселелерді шешудегі рөлі мен мәні арта түседі және бұған біз тек қуанатын боламыз».

Джереми РИФКИН,

белгілі экономист:

«Қазақстан астанасының әлеуеті жоғары. Мен Қазақстанның жаңа технологияны ендіруде,  Азия өңірінде және бүкіл әлемде көшбасшы  болуына  мүмкіндік беретін Үшінші индустриялық революцияның белсенді қатысушысына айналуына тілектеспін. Қазақстан бастама ретінде көтерген әлемде әлдеқайда орнықты «жасыл экономиканы» қалыптастыруға бағытталған «Жасыл көпір» серіктестігі бағдарламасына бүгінде көптеген әлем елдерінің қызығушылық білдіріп отырғанын да атап өткім келеді».

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button