Жарнама
Қоғам

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТЫРАУҒА ОРАЛДЫ

— Өз басым елімнің қолдауын, халқымның маған үміт артып отырғанын сезіндім. Бұл – менің көздеген мақсатымның алғашқы сатысы ғана. Енді алда – Олимпиада. Төртжылдықтың басты додасына тыңғылықты дайындалатын боламын, — деді әлем чемпионы.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Нұржан Ермұхановтың айтуынша, Нижаттың ұлты азірбайжан болғанымен, Қазақстан азаматтығын алған.

— 2013-2014 жылдар аралығында Алматы қаласында жаттығу жиындарын өткізді. Ауыр атлетикадан ел құрамасының бас бапкері Алексей Нидің ұсынысымен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы өткен жылдың шілде айында Нижатты Атырауға қабылдаған болатын. Содан бері басқарма федерацияның облыстық филиалымен бірігіп жұмыс жасап келеді. Жыл жарым уақыт бойы Нижат Атыраудың намысын қорғап, қазан айында Талдықорған қаласында өткен жазғы спартакиадада І орынды еншіледі. Сонымен қатар, Қытай елінде өткен олимпиадалық іріктеу турниріне қатысып, төртінші орынға қол жеткізген болатын, — дейді басқарма басшысы Нұржан Ермұханов.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button