Жарнама
Қоғам

АЛЕКСЕЙ ПОЛТОРАНИН: «ЖАҒДАЙЫМ МӘЗ ЕМЕС»

Atr.kz/7-наурыз. 2019 жыл. Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Австрияда ұсталғаннан кейін алғаш рет жанкүйерлеріне үндеу жасады.

Шаңғышы қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғысын білдіріп, мұның өзі мен отбасы үшін аса маңызды екенін атап өтті. «Маған қолдау көрсеткен жандардың бәріне алғыс айтқым келеді. Бұл мен және отбасым үшін маңызды. Жағдайым мәз емес, бірақ бұл да өтер-кетер», — деді Полторанин КТК арнасына.

Бұған дейін қазақстандық спортшы мен Австрия және Германияның тағы төрт шаңғышысы әлем чемпионатында допингке қарсы рейд кезінде ұсталған болатын. Біраз уақыттан кейін Полторанинді қамаудан босатқаны белгілі болды.

Кейінірек қазақстандық дипломаттар мәлімдегендей, спортшы Мәскеуге кетіп қалған. КТК арнасының хабарлауынша, ол қазір отбасымен Мәскеу облысында жүр. Спортшының Қазақстанға қашан оралатыны әлі белгісіз.

Айта кетсек, осыған дейін Австрияда өтіп жатқан шаңғы жарысында 9 адам «допинг пайдаланды» деген күдікке ілінген еді. Оның арасында қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин де бар екені мәлім болды.

Рейдті Германия мен Австрия полициясы жүргізіпті. Оның мақсаты — халықаралық допингтік желіні анықтау. Тексеріс барысында ұсталғандардың бесеуі спортшы. Оның төртеуі — Австрия мен Эстониядан, біреуі — қазақстандық шаңғышы.

Дереккөз: Sputnik

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button