Жарнама
Қоғам

Алапат тасқын

Қалғандай сай-сала мен жыра құрып,

Көпіршіп қырдан бүгін тұр атылып.

Жалындай бесті айғырдың дәу толқындар

Жөңкуде айдаһардай бұратылып.

Теректі тамырымен лақтырды,

Көрмейді қойтастарды лақ құрлы.

Нар өгізді доптай ғып домалатып,

Шүлдік құрлы көрмейді тракторды.

Қызғанғандай қара бұлт көкті күннен,

Желді ызғар өңменнен өтті бірден.

Құлатып бетон көпір, темір торды,

Ақтарылып ауылға жетті бірден.

Бөгетті бұзбаққа су оқталады,

Құм, сазбен 70 000 қап қапталады.

Үш мезгіл ауқаттанған қайран жастар,

Мұрыннан қан кеткенше тоқтамады.

Қара тер моншақ-моншақ ақты жүзден,

Көрдік қой қиындықты нақты көзбен.

Құм төгіп биіктетті дамбыларды,

70 шақты техника сап түзеген.

Қара түн, бозалы таң арасындай,

Сүйсіндік жеткіншекке баласынбай!..

Алапат тасқынменен алысқандар,

Бейне бір қанды майдан даласындай.

Ұйқысыз үш күн, үш түн атты таңы,

Жігерлі қыран жеңіс қалықтады.

Сайыпқыран елімнің жігіттері,

Жеңіп шықты тасқынды асау тағы.

Ертегі ерлеріне баласақ та,

Тояр көңіл жәй көзбен қарасақ та.

Тасқынмен арпалысқан батырларым,

Ескерткіш боп тұрады болашақта!

Қалидолла ІЗЕКЕНҰЛЫ,

ақын

Миялы ауылы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button