Алаңнан кеткен кәсіпкерлер әкімдікке бет алды (+фото)

img 0796 Қоғам

Атырауда орталық алаңнан шығарылған кәсіпкер саудагерлер енді біртіндеп әкімдіктің алдына жайғасуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Әкімдіктің алдындағы Жайық жағалауында қазір балаларға арналған ойыншық көліктерді жалға беретіндер күн санап көбейіп келеді. Олар кезінде орталық Исатай-Махамбет алаңынан шығарылған еді. Сөйтіп, қыркүйектің бірінде қала әкімінің шешімімен Нұрсая ықшамауданындағы «Салтанат сарайының» алдынан жаңа орын берілген болатын. Бұл орындар кәсіп иелеріне тегін ұсынылып отыр. Бірақ, онда орталықтағыдай көп кісі шоғыры болмағандықтан, кәсіпкерлердің көңілі толып отырған жоқ. Міне, қазір Жайық жағалауы жайсыз және қауіпсіз орынға айналып келе жатқаны сондықтан.

img 0797 1

«Жергілікті атқамінер азаматтар қала келбетінің көріктілігі мен мәдени дамуына ерекше мән беруі керек. Өз кезегінде саудагерлер тәртіпке бағынуы керек. Әйтпесе, әкімдіктің қақ алдында емін-еркін кәсібін дөңгелетіп отырғандарына жол болсын» дейді тұрғындар. 

img 0805

Ал, әкімдіктегілер саудагерлердің құжатсыз қызмет көрсетіп жатқанын растап, жақында тексеріс жүргізілетінін жеткізді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: Динара ҚАНБЕТОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз