Жарнама
Қоғам

АЛАҢДАҒЫ ОЙЫНҒА АЛАҢДАЙМЫЗ

 

Биыл да футболшылардың көрсетіп жүрген ойын өрнегі мәз емес. Жаңа жаттықтырушы Миодраг Радуловичтің келгеніне бір жылдай уақыт өтті. Алайда, ойыншыларда әлі де болса техникалық комбинация жетіспейді, командалық ойын мүлдем жоқтың қасы.

Сірә, арада келісім-шарт жасалып, уақтылы қаржы төленіп жатқан соң болды емес пе деп те ойлайтын шығар. Бірақ сонда ар-намыс, жігер қайда, жігіттер? Биыл «Атырау» ойыншылары барлығы 12 команда арасынан 27 ұпай алып, 8-ші орынға табан тіреген болатын. Жиналған ұпайды бөліске салып, жеме-жемге келгенде небәрі 14 ұпай қалды. Жақында «Қайрат» футбол командасының жаттықтырушысы В.Вайс республикалық бұқаралық ақпарат құралдарына өз пікірін білдірді. Қазіргі «Суперлигадағы» футбол біріншілігінің әділетсіздігін алға тартқан ол мұндай есеп тек 4, 5, 6-шы және көш соңындағы командаларға қолайлы екендігін айтып өтті.

Айтса айтқандай-ақ, ойыншылардың әр кездесуде тер төгіп, бар күш-жігерін жұмсап тапқан ұпайларын бөліп жіберді. Бұл жөнінде неге басқа бапкерлер В.Вайс сияқты ҚР футбол федерациясына ұсыныс жасап, өз пікірлерін айтпайды? Бұған атыраулық футболсүйер қауым, спорт жанашырлары не дейді екен?

Марат ШАЙХИЕВ,

жанкүйер,

Атырау қаласы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button